19 ақп, 2021 сағат 10:42

Шетелден әуе рейсімен ПТР анықтамасыз 451 Қазақстан азаматы келген

Шетелден әуе рейсімен ПТР анықтамасыз 451 Қазақстан азаматы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

18 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына РФ, Түркия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ұлыбритания және Мысырдан 17 халықаралық әуе рейсі келді. 

2 382 әуе жолаушыларының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 931 адам, анықтамасыз 451 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 295 жолаушы, анықтамамен - 978, анықтамасыз - 317; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 921 жолаушы, анықтамамен - 787; анықтамасыз - 134;

Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 165 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР талдау әдісімен тест тапсырды және карантин стационарларында соның нәтижесін күтуде.

17 ақпанында шетелден анықтамасыз келген барлық 415 ҚР азаматының ПТР талдауы теріс нәтиже көрсеткен.