20 мам, 2021 сағат 15:55

Шетелде екпе алған адамға Қазақстанда вакциналау паспорты беріле ме?


Шетелде вакцина алған адамға Қазақстанда вакциналау паспорты беріле ме? Бұл сұраққа Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер адам Қазақстан Республикасынан тыс жерде екпе алса, ол вакциналау паспортын осы жерден ала алмайды», - деп жауап берді Әлия Рүстемова. 

Сондай-ақ, ол вакциналау паспорты медициналық ұйымдардағы ақпараттық жүйелермен біріктірілген eGov мобильді қосымшасында жасалатынын еске салды.

«Науқас вакцина аулға келген сәттен бастап екінші компонетті салғызған кезге дейінгі әрекеттің бәрі ақпараттық жүйеге енгізіліп, автоматты түрде eGov-та вакциналау паспорты қалыптасады. Онда вакцинаны алған медициналық ұйым, дәрігердің деректері, серияға дейін және қандай вакцина алынғаны нақты жазылған. Сондықтан шетелде вакцина алғандардың Қазақстанда төлқұжат алуы мүмкін емес», - деп түсіндірді Әлия Рүстемова.