Шенген аймағын реформалауға түрік шақыруы Еуропалық кеңестің парламенттік ассамблеясында (ЕКПА) қабылданды. Мұндай мәлімдемені түрік БАҚ жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.
Түркия басылымдары ЕКПА-ның Бас Ассамблеясы Шенген жүйесін реформалау туралы заң жобасын көпшілік дауыспен қабылдағанын жазды. Сонымен қатар, Ассамблея алдында ЕКПА-ның түрік тобы Шенген визасын алу кезінде Түркия азаматтарының алдында тұрған проблемалар туралы есеп беріп, жүйені өзгертуді ұсынды.
"Біздің ұсыныстарымыз Шенген визасын алу процесін ашық, әділ және инклюзив етуге мүмкіндік береді. Оларды ЕКПА Бас Ассамблеясы қабылдады. Біз реформа бойынша ұсыныстарымызбен процесс жақсаратынына толық сенімдіміз", - деді түрік шенеунігі.