#
#
Бейсенбі 13/08/2020

Шекара қызметі дәрі-дәрмектерді жеке мақсатта алып келуге кедергі жасамайды - ҰҚК

  • 11.07.2020
  • 0
  • 187

Шекара қызметі дәрі-дәрмектерді жеке мақсатта алып келуге кедергі жасамайды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

«Әлеуметтік желіде «Үрлі төбе» өткізу бекетінде дәрі-дәрмектерді заңсыз ұстады» деген ақпараттың таралуына қатысты Шекара қызметі 9 шілдеде шекаралық бақылау кезінде тауар құжаты жоқ түрлі атаудағы 311 орауыштағы дәрілік препараттарын ұстағандығын хабарлайды. Дәрілер атауы бойынша пакеттерге оралып, екі жол сөмкесіне салын», делінген хабарламада.

Дәріне өткізуші адам дәрілік препараттардың қайдан шыққанын және кімге арналғандығын түсіндіре алмаған.

«Оларды әкелудің заңдылығын анықтау үшін құзыреттілігі бойынша дәрілік препараттар Павлодар облысы Экономикалық тергеу департаментіне берілді, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздік бақылау департаменті хабардар етілді», делінген хабарламада.

Шекара қызметі дәрі-дәрмектерді жеке мақсатта алып келуге кедергі жасамайтындығын мәлім етті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар