26 там, 2021 сағат 11:02

Шекара бөлімшесіне Назарбаевтың есімі берілді



Алматы облысындағы "Баянқол" шекара бөлімшесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.

Премьер-министр Асқар Мамин тиісті Үкімет қаулысына қол қойды.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының "Баянқол" шекара бөлімшесінің атауы "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы" шекара бөлімшесі деп ауыстырылсын", - делінген құжатта.

Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.