Қазгидромет 7 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын болжады.
Синоптиктердің мәліметінше, ертең Қазақстанның батысы, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы және солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Республиканың басқа аймақтарында жауын-шашын жаумайды.
Республиканың солтүстігі мен оңтүстік-батысында жел күшейеді, солтүстік-батысында тұман болады.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде найзағай ойнайды, батысы мен орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысының батысы мен солтүстік-батысында найзағай ойнап, тұман түседі.
Күндіз Ақмола, Қызылорда облыстарының солтүстік-батысында найзағай ойнайды, Ақмола облысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Алматы облысында қатты ыстық болады.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде, Қарағанды облысының батыс жартысында, Ақмола облысының оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер 7-9 қыркүйектегі ауа райына қатысты болжам жариялаған. Соған сәйкес, бұл күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, солтүстікте нөсер жаңбыр жауады. Тек оңтүстік өңірлерде ғана күн ашық болады.
8-9 қыркүйекте түнде Қостанай облысында, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік жүреді.