Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында пойыздың рельстен шығып кетуі салдарынан кем дегенде 30 адам жарақат алды, - деп хабарлайды kaz.tengritravel.kz порталы Ренхап агенттігіне сілтеме жасап.
"Сеул орталығында пойыз рельстен шығып кетіп, соның салдарынан 30 адам жарақат алды", - делінген хабарламада.
KORAIL мәліметінше, зардап шеккендердің көбісі жеңіл жарақат алған. Апат болған кезде пойызда 275 жолаушы болған.
Агенттік мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша 20:52-де болған, пойыз қала орталығындағы станциялардың біріне жақындап келе жатқан. Алты теміржол вагоны рельстен шығып кеткені айтылады, оның бесеуінде жолаушылар болған.
Басылым мәліметінше, апатқа байланысты осы тізбекте пойыз қатынасы бір сағаттан аса уақытқа тоқтаған. Қазіргі уақытта KORAIL оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.