Спортшы да, бапкер де қателеседі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шындығында ғылым алға жылжып барады. Спортшыларды жарысқа дайындаудың түрлі әдістері бар. Бапкер жарыс процесіне спорттық психологияның қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Бізбен де психологтар жұмыс істеді, жеке әдістер болды. Меніңше, тіпті командалық ойын болса да әрбір спортшыға жеке әдіс қажет», - деді ол.
Оның пайымынша, бапкерлердің де психологиялық дайындығы барынша маңызды.
«Алдағы уақытта біздің бапкерлерді де спорттық психологияға оқыту қажет деп есептеймін. Өйткені көпшілігі спортшылармен қалай қарым-қатынаста болу қажеттігін, олардың қандай көңіл-күйде екендігін білмей жатады», - деді Серік Саиев.
Комитет басшысы спортшылардың да, бапкерлердің де қателікке бойалдыруы мүмкін екендігін атап өтті.
«Бізде бапкерді Құдайдай көру қалыптасып қалған. Ол не айтса да тыңда, істе. Алайда кей кезде бапкер де, спортшы да қателікке ұрынады», - деді комитет басшысы.
Сондай-ақ, ол журналистер сауалына жауап бере отырып допинг дауына іліккен спортшылармен психолог жұмыс жүргізбейтінін айтты.
«Менің біліуімше, олармен ешқандай жұмыс жүргізілмейді. Олар қателікке бой алдырғандығын түсінеді. Спортшы допинг дауына ілігіп жазаланғаннан кейін қайтадан допинг қолданғаны туралы деректер есімде жоқ. Спортшылар егер мұндай жайт қайтадан орын алатын болса өмір бойына спорттан шеттетілетіндігін түсінеді», - деді Сәпиев.
Оның атап өтуінше, еліміздің ұлттық құрамасында спортшыларды психологиялық тұрғыда дайындайтын арнайы психологтар жұмыс істейді.
«Алайда, менің білуімше, ол допинг қабылдағаннан кейін немесе қандай да бір жайт орын алған соң онымен психологиялық жұмыс жүргізілмейді. Жарысқа дайындық процесі бойынша ғана жұмыс жүргізіледі», - деді комитет басшысы.
Серік Сапиев қазіргі уақытта спортшылардың дайындық деңгейінің айтарлықтай өсіп, олардың техникалық және тактикалық шеберліктері шыңдала түскендігін де тілге тиек етті.