05 ақп, 2021 сағат 12:20

«Сергек» камерасы бет-әлпетті тани ма?

«Сергек» жобасын жасаушылардың бірі Қайрат Ахметов камераларға қатысты жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайрат Ахметов камераларда бет-әлпетті тану қызметі әлі жүзеге асырылмағанын айтты. 

«Бұл - барлық смартфонда бар технология. Бұл қарапайым функция болғандықтан, жаңашылдыққа жатпайды. Бұл жерде мәселе жеке басқа қатысты жайтқа келіп тіреледі. Сондықтан бұл функция «Сергек» жобасында жоқ. Ол тек қоғамдық талқылаулар мен заңның аясында ғана шешіледі», - деп жауап берді Қайрат Ахметов «Digital Almaty 2021 - Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» атты халықаралық форумында.

Сонымен қатар, ол камералардың көмегімен қазір қылмыстар мен қоғамдық тәртіпті бұзу деректері ашылып жатқанын да атап өтті. 

«Сергек» жол апттарының азаюына да септігін тигізді. Бұл полиция, әкімдік пен прокуратураның бірлескен жұмысы. «Сергек» камералары жолда ғана емес, сонымен қатар қоғамдық орындарда да орнатылған. Қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Атырау қалаларына жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта еліміздің өзге де аймақтарына қойылады», - деді Қайрат Ахметов.

Спикердің айтуынша, жобаға басқа мемлекеттердің де қызығушылық танытып отыр.