Сербия жыл соңына дейін ресейлік «Sputnik V» вакцинасының өндірісін жолға қоюы мүмкін, деп хабарлайды ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы.
Сербия билігі жаңа кәсіпорын салу мен жабдық сатып алуға қажетті қаражатты бөлуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Елде препараттың орама өндірісі екі-үш айдан кейін басталады деп күтілуде, содан кейін толық өндірістік цикл іске қосылмақ.
Ал жапондықтар «Pfizer» вакцинасын қолданбақ. Қазір олар вакцинация науқанына дайындық үстінде.
«Вакцинацияны келесі аптаның ортасында бастаймыз», - деді елдің Премьер-министрі Есихидэ Суга.
Алдымен медицина қызметкерлері, содан кейін, шамамен сәуір айында егде жастағы адамдарға егу жоспарланған.
Венгрия билігі коронавирустан жазылған адамдарға, сондай-ақ осы вирусқа қарсы вакцина қабылдаған адамдарға арнайы сертификаттар енгізбекші. Екі құжатта ақысыз рәсімделеді, бірақ олардың қандай құқықтар беретіні әзірге белгісіз.