13 шіл, 2020 сағат 14:01

Сенаторлыққа үміткер әйелдердің саяси белсенділігі жоғары - Берік Имашев

Сенаторлыққа үміткер әйелдердің саяси белсенділігі жоғары. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әйелдердің саяси белсенділігі артып келе жатқандығын атап өткім келеді. Ұсынылған үміткерлердің 19-ы - әйел. Әйел үміткерлердің саны өткен сайлауда, яғни 2017 жылы – 13, 2014 жылы – 5, 2011 жылы 6 үміткер болған»,- деді Берік Имашев ОСК отырысы барысында.

Аумақтық сайлау комиссияларының мәліметінше, 2020 жылғы 13 маусым мен 12 шілде аралығында республика бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына 94 кандидат ұсынылған.