Сенатор Сергей Ершов Премьер-Министр Асқар Маминнің атына жолдаған депутаттық сауалында азаматтық қорғау мәселелеріне қатысты өзекті мәселелерді қозғады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оның айтуынша, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, оның ішінде бөгеттің жарылуы және елді мекендерді су басу, Риддердегі өрт, сондай-ақ Алматы мен Өскемен маңындағы қоқыс полигонында болып жатқан оқиғаларды талдау экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және өзге де мемлекет мүддесінің қозғалатынын көрсетеді.
«Төтенше жағдай органдары материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау ісінде қаржы жеткіліксіз бөлініп келеді және қолданыстағы нормативтердің 58%-дан сәл ғана асатын деңгейді құрап отыр. Халықты және еліміздің қауіпсіздігін қорғау үшін әлеуметтік нысандар құрылысына жұмсалатын шығындар да қысқаруда», - деді Сергей Ершов Сенаттың жалпы отырысында.
Сенатор осыған байланысты 2022 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде азаматтық қорғау органдарын тиісті материалдық-техникалық жарақтандыруға бағытталған қаржыландыруды қарастыру қажет екенін жеткізді.
Сонымен қатар, депутат ТЖ органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты проблемаларды, сондай-ақ «Азаматтық қорғау туралы» Заңды жетілдіру мәселелерін де айтты.
