#
#
Сейсенбі 14/07/2020

Сенат Төрағасы Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті

  • 30.05.2020
  • 0
  • 218

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дипломат Сенат Төрағасын Палата басшысы лауазымына сайлануымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тілеген.

«Кездесу барысында екі елдің мемлекет басшылары арасында қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру аясындағы бағыттар сөз болды. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, өңіраралық және шекаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, тараптар мемлекеттер арасындағы екі жақты және көпжақты парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі күшейту қажеттігіне назар аударды», - делінген Парламент Сенатының ақпаратында.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар