12 там, 2020 сағат 12:35

Сенат сайлауы: Атырауда Сағындық Лұқпанов көп дауыс алды

Атырауда Сенат депутатының сайлауында Сағындық Лұқпанов дауыс берушілердің 86 дауысын (82,69%) жинады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Айнұр Аманжолованың мәліметінше, Сенат депутатын сайлауда әр деңгейдегі мәслихаттардың 111 депутаты дауыс беруі тиіс еді. Бүгінгі сайлауда дауыс беруге мәслихаттардың 105 депутаты қатысты. 

«Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттардың арасынан Сағындық Лұқпановты жақтап 86 адам дауыс берген. Бұл барлық дауыстың 82,69 процентін құрады. Ал, өзге кандидаттар Серік Смағұлов 11 (10,5%), Сағын Сейілханов 7 (6,73%) дауыс жинады» -деп хабарлады комиссия хатшысы Айнұр Аманжолова.