Жаз мезгілінде суға түсу маусымы ашық болуына байланысты, суға кету қауіп-қатері де көбейе түсетіні анық. Мәселен, кеше семейлік әскерилер суға кеткен жасөспірімнің өмірін құтқарып қалды. Белгілі болғанындай өміріне қауіп төнген жасөсірімнің жасы 16-да, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Белгілі болғанындай, 25 шілдеде № 68303 әскери бөлімінің қызметшілері Ертіс өзенінің жағалауын қайықпен және жаяу патрульдеп жүрген. Жұмыс барысында олар суға құлаған 16 жастағы жігітті қатты ағын алып кеткенін байқап қалған. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Сағжан Мұхтаров құтқару кеудешесін киіп, өзін арқанмен байлап, көмекке ұмтылды. Қауіпсіздік мақсатында оның әріптестері Азамат Молдашев, Талғат Қоқабаев және Мейір Қазбекұлы арқанды ұстап, қайықпен жүзіп отырды. Сөйтіп олар жасөспірімге жеткен Сағжан Мұхтаровты арқанмен тартып судан шығарды», - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
Ал бүгін кеше суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарған семейлік әскери қызметшілер марапатталды. Белгілі болғанындай, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен жасөспірімді ажалдан арашалап қалған әскери қызметшілер марапатталды. Семей қалалық ТЖБ бастығының орынбасары Ернар Жәлелов Азамат Молдашев, Талғат Көкабаев, Мейір Қазбекұлы және Сағжан Мұхтаровқа өз ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.
Дәл осыған ұқсас оқиға Өскемен қаласында да орын алды. Бқд жолы қарапайым азамат, қала тұрғыны суға батып бара жатқан 10 жастағы қыз баланы құтқарып қалды. Қала маңындағы су қоймаға демалысқа келген Шыңғыс Амантай кенет көмек сұраған ащы дауысты естиді.
«Құтқарыңдар деп жанұшыра айғайлап жатқан дауыс жаққа қарай тұра жүгірдім. Бара-бара дауыс алыстап бара жатты. Кішкентай қыз баланың дауысы құлағымда жаңғырып, құтқарып үлгерсем екен деген ой ғана болды. Жан-жағыма қарауға мұрша болмады, суға жүгірдім. Бағымызға орай қызды аман-есен алып шықтым. Қарасам, жағада бірнеше адам абдырап қалған екен. Көмекке ұмтылмады деп ешкімшге ренжуге болмайды, мұндай кезде адам шок жағдайында қатып тұрып қалуы мүмкін. Ең бастысы, екеуіміз де аманбыз», - деді бейбіт күннің батыры.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде суға батып бара жатқан жасөспірімді сарбаздар құтқарып қалған болатын. № 68303 әскери бөлімінің қызметшілері Ертіс өзенінің жағалауын қайықпен және жаяу патрульдеп жүрген. Жұмыс барысында олар суға құлаған 16 жастағы жігітті қатты ағын алып кеткенін байқап қалған. Семей қалалық ТЖБ бастығының орынбасары Ернар Жәлелов Азамат Молдашев, Талғат Көкабаев, Мейір Қазбекұлы және Сағжан Мұхтаровқа өз ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады. Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығын су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, жабдықталмаған жерлерде шомылмауға шақырады.