Қазақстанда жыл басынан электр қуатына тарифтер 1,5 пайызға қымбаттады. Дегенмен, 8 өңірде баға керісінше, арзандай түскен, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
2020 жылғы қаңтар-сәуір аралығында елде 37,5 млрд кВт-сағат электр энергиясы өндірілді. Көрсеткіш жылына 3 пайызға артқан.
«Энергетикалық компаниялардағы күрделі қаржылық жағдай, жетілдірілмеген тарифтік саясат, инвестициялық тартымдылықтың жоқтығы ірі көлемді жобалардың болмауына алып келді. А қазіргі жағдайда қаржыландыру тек жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін сақтап отыру үшін ғана жететін болады», - делінген ақпаратта.
Сарапшылардың пайымынша, саладағы проблемалар салдарынан Қазақстан жақын келешекте электр энергиясын көрші елдерден сатып алуы мүмкін. Әзірге қазақстандық электр стансалары (1-тоқсанда) энергияға сұранысты (экспорт пен нарықта сату) 99 пайызға қамтамасыз ете алды. Импорт үлесі – 1 пайыз болды. Бұл ретте, импорт бір жылда 17,9 пайызға азайған.
Биылғы жылдың мамыр айында электр энергиясының бағалары былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға қымбаттады. Электр энергиясының тарифтері Батыс Қазақстан облысында (16,3 пайызға), Нұр-Сұлтан (10 пайызға) және Алматы қалаларында (7,6 пайызға) қымбаттады.
Еліміздің 17 өңірінің 8-інде электр қуатының бағасы, керісінше арзандаған. Ақмола облысында бағаның 10,8 пайызға арзандауы тіркелді.