22 шіл, 2022 сағат 18:45

Сайрам-Өгем ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген арқарлар көзге түсті


Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзаққа Қаратау арқарлары ілікті. Бұл жайында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айыр тұяқты сүтқоректі аң Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Ұлттық парк аумағының тек Түлкібас филиалында мекендейді.

Бұл жануарлар Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағына күзде қыстауға, көктемде төлдеуге келеді.  Мамыр айының соңында жазғы жайылымға қоныс аударады.

Көктемгі санақ бойынша ұлттық паркте шамамен 75 арқар мекендейді. Олар бұталар мен шөптесін өсімдіктердің 70 түрімен қоректенеді.