Ұлттық кеңестің бірінші отырысына дайындық мәселелері бойынша ұйымдастыру кездесуі өтті. Бағыттары айқындалып, нақты жұмыс топтары құрылды. Енді, 6 қыркүйек күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы өтеді. Осыған байланысты оның жұмысына қатысты ойыммен бөліссем:
1) Мемлекет ары қарай тұрақты дамуы үшін "саяси плюрализм" мәселесін қолға алуы қажет. Сонымен қатар қоғамның саяси мәдениетін дамытуды да ойлау керек. Өйткені саяси мәдениет дамымай, әлеуметтік жаңару күн тәртібіне көшуі мүмкін емес. Осы орайда, Ұлттық кеңестің миссиясы - жаңа саяси мәдениетті қалыптастыра білу;
2) Бастысы ішкі регламенттер жұмыс топтарында талқыланып, бекітілді. Енді әр жұмыс тобы өз бетінше, содан кейін ол топтар бірлесіп нәтижелі жұмыс көрсетуі маңызды. Осы жағдайда жұмыс топтарының ішінде де, жұмыс топтары бір-бірімен де саяси ұпай жинау үшін бәсекелесіп, бітпейтін айтыс-тартысқа түсіп кетпеуі тиіс. Топтардың жұмысына жеке амбициялар мен тіл табыса білмеуден туындайтын қарым-қатынастардың салқынын тигізбей өту керек;
3) Ұлттық кеңес отырыстарының мәдениеті қалыптасқанға дейін (бұған шамамен 3-4 отырыс керек) Президенттің ресми сайтында Ұлттық кеңестің алғашқы отырыстарының нәтижелері жарияланатын бюллетеньдерді іліп отыру керек деп санаймын.
Әнуар Шотбайдың фэйсбуктағы жазбасынан