21 қаз, 2020 сағат 09:37

Саясаттанушы Парламентке өтуге мүмкіндігі жоғары үш партияны атады

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Парламентке өтуге мүмкіндігі жоғары үш партияны атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біріншіден, сайлау өз уақытында өтеді – Мәжілістің құзыреті келесі жылдың наурыз айында аяқталады да, Парламенттің төменгі палатасының жұмысы жалғаса береді. Бұған дейін сайлаудың өтетіні жайлы желтоқсанның соңына қарай белгілі болатыны туралы болжамдар айтылып еді. Алайда олай болмай шықты. Айтпақшы Қазақстан тарихында жоспарлы сайлаудан қарағанда мерзімінен бұрын өтетін сайлаулар көп болыпты. Жалпы Президент сайлауының да мерзімінен бұрын өтуінің де ешқандай «трагедиясы» жоқ. Мерзім бұл ретте көп ұзақ болған емес, әлемдік тәжірибеге сай билік сайлау үшін ең ыңғайлы уақытты таңдап отырды», - деп жазады саясаттанушы Facebook парақшасында

Данияр Әшімбаевтың айтуынша 7-ші Мәжіліске үш парламенттік партияның, атап айтқанда «Nur Otan», «Ақ жол» және ҚХКП-ның ену мүмкіндігі жоғары. 

«Неліктен бұлай ойлайтынымды түсіндірейін. «Nur Otan» партиясы – қанша айтқанмен орталық әрі Назарбаевтың партиясы, тұрақтылық пен келісім бағдары. Қазіргі жағдайда көрші мемлекеттердегі жағдайды есепке ала отырып, бұл құндылықтардың біздің қоғамға керектігін түйсінесің. Праймериз бойынша кампания «Nur Otan» партиясы кандидаттық корпусты жаңартып, дебаттардың тәжірибесіне ие болып, ашық кампанияға дайын екенін айғақтап берді. «Ақ жол» мен ҚХКП да кейінгі жылдары белсенділіктерін арттыра түсті. Электоратпен жұмыс жүргізіп, барлық алаңда өздерін таныта білді. Қалған партиялар туралы айтар болсақ, олар көзге көрінбеді де. Сол себепті сайлау 2020 жылдың желтоқсан пен 2021 жылдың қаңтар айларында өтеді. Бәрінде де дайындалып аларлық уақыт болды. Жаңа партияларды тіркеуді жеңілдететін нормалар қабылданды. Парламенттік оппозиция мәртебесі туралы заңға өзгерістерді енгізілді», - дейді ол.

Саясаттанушы сонымен қатар жастар мен әйелдерге квота беру, партиялық тізім бойынша мәслихат сайлауын өткізу шаруалары күрделі еместігін жеткізді.

Еске сала кетсек бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялаған болатын. 

«Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалады. Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды», - деді Президент үндеуінде.