#
#
Бейсенбі 13/08/2020

Сәуле Қисықова жаңа қызметке тағайындалды

  • 15.07.2020
  • 0
  • 588

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған Сәуле Қисықова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сәуле Қисықованың қызметінен кеткенін бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растаған болатын.

«Оның міндетін уақытша Әлия Рүстемова атқарады», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі жаңа ғана Сәуле Қисықованың Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы қызметіне тағайындалғанын жариялады.

Айта кетсек, Сәуле Қисықова Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына тура үш жыл жетекшілік еткен. Басқарма басшылығына 2017 жылдың шілде айында тағайындалған.

Сәуле Қисықова 1963 жылы 22 шілдеде дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтының түлегі. Медицина ғылымдарының докторы, іскерлік әкімшілік магистрі.

Еңбек жолын 1987 жылы Алматы облысының Орталық аудандық ауруханасында бастаған. 1994 жылға дейін сонда дәрігер-терапевт болып жұмыс істеді.

1994 жылдан 2004 жылға дейін Алматы қаласындағы №8 қалалық емхананың емдеу-профилактикалық және ақылы бөлімінің меңгерушісі болды. Ал 2004-2007 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасы» РМК отбасылық медициналық кешендер қауымдастығының жетекшісі болып еңбек етті. 2007-2012 жылдары сол аурухананың бас дәрігерінің ұйымдастыру-экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары болды. 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бірінші орынбасары болса, кейін Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы болып еңбек етті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар