Фото: әуежайдың сызбасы
Эр-Риядта әлемдегі ең үлкен, аумағы 57 шаршы шақырым болатын, 6 параллель ұшып-қону жолағы бар Салман патша атындағы әуежайдың құрылысы басталды. Бұл туралы MexicoBusiness жазды.
Жаңа әуежай 2030 жылға қарай 120 миллион жолаушыны, ал 2050 жылға қарай 185 миллион жолаушыны қабылдай алады.
Әуежай құру жобасы Сауд Арабиясын Таяу Шығыстағы туристік индустрияның лидеріне айналдыру және ең танымал туристік бағыт ету жоспарының бір бөлігі болып саналады. Жобаны жүзеге асыру үшін билік 1 триллион доллар инвестициялаған.