13 сәу, 2021 сағат 22:49

Сәрсенбіде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 14 cәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Республиканың басым бөлігінде әлі де ауқымды антициклон ықпал етуіне байланысты, басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталынады. 

Тек оңтүстікте және оңтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, түнде кей жерлерде желдің күшеюі, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады. 

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде күндіз шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан облыстарында, Алматы облысының Жалаңашколь аумағының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Жамбыл облысының кей жерінде тұман болады. Ақмола, Қостанай, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіліп, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.