Фото: sb.by
Қаңтардың 20-сы күні түскі уақытта АҚШ-тың Капитолий ғимаратында президенттік ант беру салтанаты сәтті өтіп, Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының 47-ші президенті ретінде ант берді. Ол 4 жылдан кейін президенттік өкілеттігін қайта бастады және «Трамп 2.0» дәуірі ресми түрде басталды.Трамп өз сөзінде: «Американың алтын ғасыры басталады!», «Трамп әкімшілігі әр күні Американы бірінші орынға қояды», ̶ деп атап өтті.
Фотода: сарапшы Қанат Қаһарұлы
Сарапшыдан:
Трамптың ұстанымының АҚШ-тың дамуына және әлемдік саясатқа әсері болатыны анық. Мәліметтерге қарағанда сол күні Америка Құрама Штаттарында ауа-райы суық болған. Осыған байланысты Трампты ұлықтау рәсім бірқалыпты өтуі үшін әдеттегідей далада емес, ғимарат ішінде өткізілгені белгілі болды.
Ұлықтау рәсіміне әр саланың танымал тұлғалары қатысқан. Италияның премьер-министрі Мерони мен Аргентина президенті Милли сияқты шетелдік көшбасшылар және АҚШ-тың бұрынғы президенттері, жоғарғы сот судьялары, әскери жетекшілер, министрлер кабинетіне кандидаттар және миллиардерлер де қатысты.
Дональд Трамптың билікке келуі әлемның назарын аударды. Казірге дейінгі Трамптың берген сұхбаттарынан және Үкімет жасаған бірқатар шараларынан төмендегідей ұстанымдарды көре аламыз:
Ішкі саясат тұрғысынан Трамп Джексонизмге (19 ғасырдағы АҚШ президенті Джексон жақтаған «АҚШ ̶ Бірінші» идиясы) қайтып оралуға бейім. Ол АҚШ - бірінші деу арқылы құрама штаттарды ынтымақтастыруға ұмтылады және әртүрлі саяси әдістермен АҚШ территориясын кеңейтуге тырысады.
Экономикалық саясатта Трамп Үкіметінің бағыттары:
Қымбат тарифтер: басқа елдердің өңдеуші өнеркәсіптерін жоғары тарифтер арқылы АҚШ-та тауар айнылымын дамытуын шектеп, керісінше ел ішінде зауыттар салуға тартуға тырыcады, сол арқылы Америка Құрама Штаттарында көбірек жұмыс орындарын құру ̶ бұл Трамп саясатының бір бағыты. Ол билікті қолына алғанан кейін өзінің негізгі үш сауда серіктесі: Канада, Мексика және Қытайға 25% және 10% тарифтер енгізді. Бұдан біз Трамп саясатының сауда және экономикалық басымдыққа ие екенін көре аламыз.
Долларды қымбаттату: АҚШ инфляциясын азайтуға және осы елдің қарыз қысымын белгілі бір дәрежеде жеңілдетуге мүмкіндік берсе де, олар валюта бағамының тұрақсыздығы проблемаларын және көптеген ірі сауда елдеріне, соның ішінде Қытайға үлкен сауда қатерін алып келуі мұмкін.
Сыртқы саясатта жаңа президенттің ұстанымы:
Екінші дүниежүзілік соғыстан бері Америка Құрама Штаттары халықаралық тәртіпті сақтау міндетін өз мойнына алды. Бірақ Дональд Трамп бұл тәртіпті сақтауға мүдделі емес және тіпті оны өзгертуі мүмкін. Оның кейбір халықаралық ұйымдардан шығуы (Трамп Париж климаттық келісімінен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын айтқан), тарифтерді енгізу және заңсыз иммигранттарды шектеуі әлемдік саясатты болжауға болмайтын жағдайға алып келді.
АҚШ президенті нақты билікті қолына алғанан кейін өз сөзінде Панама каналын қайтарып алғысы келетінін және Гренландияға қызығушылық танытатынын анық айтты. Бірақ ол Канадаға қатысты идеяларын толық айтқан жоқ. Президент болудан бұрынғы сөздері оның жеке көзқарасы болады, ал ресми кездесулерде берген сұхбаты саясаткерлерлің назарын аударатыны анық.
Бұдан біз Трамп АҚШ-тың териториялық кеңеюін көздейтінін, келешекте Панама және Гренландия бағытында экономикалық немесе саяси ықпал етуі мүмкін екенін білеміз. Егер Трамп Гренландияны сатып алғысы келсе, бұл АҚШ пен Дания арасындағы қарым-қатынасқа әсер етеді. Ал егер АҚШ президенті Канаданы Америка Құрама Штаттарының 51-ші штатына айналдырғысы келсе, ол АҚШ ̶ Канада қарым-қатынасына әсер етеді ̶ бұл Трамптың ішкі қайшылықты сыртқа аудару стратегиясы сияқты көзге көрінеді. Ол өз сөзінде айтқандай АҚШ-та казіргі таңда шешуге тиіс ішкі мәселелер бар.
Әлемнің назарын аударатын екі қақтығыс нүктесі:
Бірі ̶ Ресей ̶ Украина қақтығысы, екіншісі ̶ Израиль ̶ Палестина мәселесі.
Дональд Трамптың пікірінше, үшінші дүниежүзілік соғыс болмауы керек.
Оның сөзін екі аспектіден қарастыруға болады ̶ Бір жағынан, ол Украина дағдарысының одан әрі шиеленісуін қаламайды. бұл да халықаралық қауымдастықтың ортақ пікіріне сәйкес келеді. Бірақ екінші жағынан, Трамп Ресей мен Украинадан дағдарысты шегініс жасау арқылы шешуді қатаң талап етті. Бұл шын мәнінде қол жеткізу қиын іс.
Мысалы, ол Украинаның Ресей басып алған аумақтарды қайтарып алуға болмайтынын мойындағанын қалайды. Бірақ қазір Украинаға мұны қабылдау өте қиын сияқты. Екінші жағынан, Ресей Украинаның қысқа мерзімде НАТО-ға кірмейтінін мойындауын қаласа, бірақ ұзақ мерзімді перспективада НАТО-ға кіру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бірақ Ресей оны да қабылдай алмайды. Үшінші жақ ретінде, Еуропа елдерінің көзқарасы бойынша Украина соғыста жеңіске жетеді және оған НАТО көмектесуді жалғастырады деп үміттенеді.
Трамптың ұстынымы қандай болады? Бұл да мәселе...
АҚШ-тың 47-ші президентінің пікірінше Ресей ̶ Украин қақтығысын шешу қайшылыққа толы күрделі. Ол бұған дейін Ресей-Украина мәселесін 24 сағат ішінде шешкісі келетінін айтқан болатын, бірақ қазір бұл мүмкін емес сияқты.
Ресей ̶ Украина қақтығысын Трамп біржолата шеше ме, әлде уақытша келісімге қол жеткізе ме, бұл да белгісіз. Бұл жерде уақытша шешім болуы мүмкін. Яғни уақытша шешім, бұл мәсел келешекте қайтадан қақтығысқа айналуы мүмкін дегенді білдіреді.
Сондықтан, егер Ресей ̶ Украина дауы түбегейлі шешілетін болса, ол халықаралық қауымдастықтың кеңірек қатысуын және тереңірек талқылауды қажет етеді. Өйткені Украина дағдарысының түпкі себебі ̶ Ресейдің посткеңестік аймаққа ұстанымы және Еуропалық Одақтың қауыпсіздік структурасында болған кемшілік деп айтуға болады.
Израиль ̶ Палестина мәселесін біз АҚШ-тың Таяу Шығыстағы саясатынан көре аламыз. Шын мәнінде, Дональд Трамп Палестина ̶ Израиль мәселесінде Израильді толығымен қолдайды. Бұл АҚШ-тың бейтарап үйлестіруші ретіндегі рөлін әлсіретті де, керісінше екі ел арасындағы қақтығысты одан ары қиындатты.
АҚШ үшін аймақтағы елдердің қарым-қатынасында баланс сақтау қиындады Израиль ̶ Палестина қақтығысының салдары Сауд Арабиясы және басқа араб елдерінің Израильмен қарым-қатынасын қалыпқа келтіруін қиындата түсті. Израиль мен Иран арасындағы текетірес бұрын-соңды болмаған күйге түсті. Сауд Арабиясы мен Иран қатынастарының жақсаруы АҚШ-тың араб елдерін Иранға қарсы тұру үшін Израильмен бірігуге шақыруына қиындық туғызды. Таяу шығыстағы казіргі күнен-күнге өзгеріп жатқан жағдайы АҚШ-тың аймақтағы стратегиясын жалғастыруына қиындықтар алып келетіні анық.