04 жел, 2025 сағат 11:54

Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету жөнінде келіссөз бастады

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету және реадмиссия туралы келісімдер бойынша алғашқы келіссөздер раундын өткізді, деп хабарлайды Ult.kz.

Жиын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Еурокомиссия өкілі Йоханнес Лухнердің жетекшілігімен өтті.

Келіссөздер ЕО–Қазақстан кеңейтілген әріптестік туралы келісімінің он жылдығына орай ұйымдастырылды. Тараптар бұл жаңа бағыт өзара сенімнің артып, азаматтардың еркін қозғалысын кеңейтуге деген ортақ ниетті көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар, Еуропалық одақтың Орталық Азия елдерінің бірімен алғаш рет осындай тетік іске қосып отырғаны айтылды.