Фото: tunisnow.tn
Қазақстанда мектеп оқушыларына смартфон қолдануға шектеу күшейтілуі мүмкін. Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасында телефонды тек сабақта ғана емес, үзілісте де пайдалануға тыйым салу ұсынылған, деп хабарлайды Ult.kz.
Депутат Асхат Аймагамбетовтің айтуынша, кейбір мектептерде мұндай тәжірибе қазірдің өзінде бар. Смартфонсыз төлем мәселесін шешу үшін асханаларда POS-терминалдарды көбейту ұсынылды.
Құрылғыларды сақтау жолдары әлі нақтыланбаған. Ал ата-анамен байланыс қажет жағдайда мұғалім арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Әзірге бұл тек ұсыныс. Заң қабылданса, мектептегі тәртіп қатаңдауы ықтимал.
