Фото: Видеодан скриншот
АҚШ-та Ақ үй жанындағы Тілшілер қауымдастығының дәстүрлі кешкі асы кезінде атыс болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Оқиға Ақ үй жанындағы Тілшілер қауымдастығы ұйымдастырған жыл сайынғы кеш барысында Washington Hilton қонақүйінде орын алған. Қауіпсіздікке байланысты шараға келген АҚШ президенті Дональд Трамп пен жұбайы Мелания Трамп, сондай-ақ әкімшіліктің өзге де жоғары лауазымды өкілдері шұғыл түрде эвакуацияланды.
Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, зал ішінде бірнеше рет оқ атылған. Қонақтар абдырап, қауіптеніп, үстелдердің астына тығылған.
CNN мәліметінше, күдікті ұсталған. Алдын ала ақпарат бойынша, шабуыл жасаған – Калифорния штатынан келген 30 жастағы ер адам.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
