16 сәу, 2026 сағат 11:45

Әзербайжан мен Ресей Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты келісімге келді

Фото: Gov.kz

Екі елдің Сыртқы істер министрліктері таратқан бірлескен мәлімдемеге сәйкес, 2025 жылдың 9 қазанында Душанбеде өткен кездесуде мемлекет басшылары осы мәселе бойынша ортақ шешімге келген, деп хабарлайды Ult.kz.

Тараптар Ақтау маңында 2024 жылдың 25 желтоқсанында болған AZAL әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағының апатына байланысты барлық салдарды реттеуге, соның ішінде өтемақы төлеу мәселесін шешуге уағдаласты.

Мәлімдемеде апат Ресей әуе кеңістігінде әуе қорғаныс жүйесінің абайсыз әрекеті салдарынан болғаны атап өтілген.