Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен дипломатиялық қызметте жаңа тағайындаулар жасалды, деп хабарлайды Ult.kz.
Атап айтқанда, Асет Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Сондай-ақ Марғұлан Баймұхан Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі елшісі, әрі БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін атқара отырып, Мьянма Одағы Республикасындағы елші міндетін қоса атқаратын болды.
