Фото: facebook.com/aktobeakparat
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров облыстық әкімдік ғимаратында болған
өртке байланысты мәлімдеме жасап, жағдайдың тұрақты екенін айцтты, деп
хабарлайды Ult.kz.
Әкімнің айтуынша, өрт толық сөндірілген, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі
уақытта арнайы комиссия оқиғаның себептерін анықтап жатыр.
«Жағдай толық бақылауда. Ең бастысы ешкім зардап шеккен жоқ. Барлық қызметтер жұмысын жалғастырып жатыр, – деді өңір басшысы.
Асхат Шахаровтың мәліметінше:
Ғимараттың тек шатыры жанған, ал алтыншы қабаттағы кабинеттердің зақымы айтарлықтай емес;
Нысанның техникалық жағдайын бағалау үшін сарапшылар тартылған;
Мемлекеттік қызметтер уақытша онлайн форматта көрсетіліп жатыр;
Өрттің себептері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде;
Қалпына келтіру жұмыстарының жоспары әзірленіп жатыр.
Әкім бұл мәселе өзінің жеке бақылауында екенін атап өтті.
Еске салайық, 7 сәуір күні Ақтөбедегі облыстық әкімдік ғимаратының шатыры
өртенген болатын. Кейін өңірде жедел штаб отырысы өткізіліп, қызметкерлердің
уақытша қашықтан жұмыс істеуі қарастырылған.
