Фото: New York Times
АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы билікке қатысты өткір мәлімдеме жасап, ел ішінде басқару дағдарысы бар екенін айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
Оның сөзінше, ирандықтар "абдырап қалған", себебі:
"Олар ел атынан нақты кім сөйлей алатынын түсінбей отыр. Өздерінің көшбасшысы кім екенін де білмейді".
Трамп сондай-ақ АҚШ "Ирандағы бірнеше деңгейдегі жетекшілерді іс жүзінде алып тастағанын" және Али Хаменеи айналасындағы адамдарға да соққы берілгенін меңзеді.
Ол Иран билігі енді бұрынғыдай ықпалды емес екенін атап өтті:
"Оларға ешкім көмектескісі келмейді, өйткені олар енді қорқыныш тудырмайды және Таяу Шығыстың “қорқытушы күші” емес".
Сонымен қатар, The New York Times дерегіне сүйенсек, Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы ретінде аталып жүрген Моджтаба Хаменеи бірнеше ауыр операциядан өткен. Басылым мәліметінше:
- – оның бір аяғына үш рет ота жасалған, протез қажет болуы мүмкін
– бір қолына да операция жасалған, қазір қалпына келу процесінде
– беті мен ерні қатты күйіп, сөйлеуі қиындаған
Сондай-ақ, газет бірнеше дереккөзге сүйеніп, Хаменеи "кем дегенде әзірге" шешім қабылдауды Ислам революциясы сақшылары корпусындағы генералдарға тапсырғанын жазады.
Қысқасы: Ирандағы билік құрылымы туралы қарама-қайшы ақпарат көбейіп, жағдайдың қаншалық тұрақты екені сұрақ тудырып отыр.
