Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Кездесу барысында министр елдің әлеуметтік саясатын іске асыруға қатысты негізгі бағыттар бойынша есеп берді, деп хабарлайды Ult.kz.
Аида Балаеваның айтуынша, қазіргі кезде:
– ведомствоаралық өзара ықпалдастықты күшейту,
– көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру,
– адам капиталын дамыту,
– саланы кешенді түрде цифрландыру жұмыстары атқарылып жатыр.
Сонымен қатар ол мәдениет пен ақпарат салаларында, дін және этносаралық қатынастар бағытында, азаматтық қоғамды дамытуда, отбасы және жастар саясаты бойынша қолға алынған шаралар туралы баяндады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтылған бастамаларды әрі қарай нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.
