26 мау, 2019 сағат 18:22

Сан-Францискода электронды сигареттерге тыйым салынды

Сан-Франциско АҚШ бойынша электронды сигареттер сатылымына тыйым салған ең алғашқы қала болды, деп хабарлайды ВВС

Бұл тыйым электронды сигареттердің тұрғындар денсаулығына тигізетін әсеріне зерттеу жүргізілмейінше жалғаса береді.

Сондай-ақ тыйым Американың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер сапасын бақылау жөніндегі басқармасының қауіпсіздік сертификатын алмаған құрылғыларға қолданылады. Қазіргі уақытта мұндай сертификат электронды сигарет өндіретін бірде-бір компанияда жоқ.

АҚШ бойынша электронды сигарет өндірісімен айналысатын ең ірі Juul Labs компаниясы Сан-Францискода орналасқан.