Жанәбіл Нұрахманұлы көлік салығын өткен жылдың қазан айында төлеген. Екінші деңгейлі банктың қосымшасы арқылы жаңа жылдан кейін тағы да көлік салығын төлеу туралы хабарлама алады. Алғашқыда абдырап түсінбей қалған ол, көлік салығы туралы ақпараттарды іздестіре бастады.
Белгілі болғанындай, биылғы жылдың басынан бастап, қазақстандықтар биылғы 1 сәуірге дейін көлік салығын төлеуге тиіс хабар тарады. Өйткені биылғы 2 сәуірден бастап, салық сомасына әрбір күн үшін өсімпұл қосылады. Осы орайда «Ұлт» порталы көлік салығы туралы зерттеп көрді.
«Бастапқыда не болып жатқанын түсінген жоқпын. Салық төлеуімнің арасы неге жиі болып кетті деп таңғалдым. Алайда екінші салықты төлемей тұрып, салық департаментіне хабарластым. Осылайша сәуір айынан бастап, салық сомасына әрбір күн үшін өсімпұл қосылатынын білдім. Әрі көлік салығын қалай есептеу керегін де үйрене бастадым. Бұл енді өзіміз үшін керек нәрсе ғой», - дейді Жанәбіл Нұрахманұлы.
Осылайша, алматылық азамат Салық кодексіне таяуда енгізілген өзгерістерге сәйкес бұдан былай жеке тұлғалар өз меншігіндегі мүлкіне өз бетінше салықты есептеп, төлеуге міндеттелетінін түсініп қайтқан.
Әрине, осы орайда мемлекеттік кірістер органы көлік салығын төлеп үлгермеген азаматтарға «салық пен өсімпұл одан әрі ұлғайып кетпей тұрғанда» төлеп тастауға кеңес береді.
«Жеке тұлғалар көлік салығын төлемеген жағдайда оған өсімпұл есептеле бастайды және салық органы салық төлеушіге хабарлама жолдайды. 30 жұмыс күн ішінде төлеп үлгермеген жағдайда салық органы бұйрық қабылдап, салық борышын жеке сот орындаушыларының (ЖСО) құзіретіне береді. Пандемия кезінде салық басқармаларына халық көп жиналмауы үшін e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы іске қосылды. Соның көмегімен жеке тұлғалар өз атына тіркелген автокөліктер жайында мәлімет ала алады. Сондай-ақ ол арқылы артық төленген төлемдерді қайтаруға өтінім беру мүмкіндігі бар. Адамдар «көлік салығынан кімдер босатылады?» деп сұрайды. ҰОС ардагерлері және оған теңестірілген, І, ІІ, ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері көлік салығынан босатылады», – деді Ақтау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Азамат Сағидуллаев.
Айта кетейік, қазіргі кезде Қаржы министрлігінің бюджетті толтыруға жауапты құрылымы – Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) ел арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Салық кодексіне таяуда енгізілген өзгерістерге сәйкес бұдан былай жеке тұлғалар өз меншігіндегі мүлкіне өз бетінше салықты есептеп, төлеуге міндеттеледі.
Азамат Сағидуллаевтың айтуынша, көлік салығына бей жай қарауға болмайды. Себебі қазіргі таңда салық мәселесі туындаған жағдайда азаматтың есепшоттары бұғатталып, артық өсімпұлдар мен айыппұлдардың болуы мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан талай жүргізуші білмей халдық деп, ақпараттан тыс қалғанын қаламайтынын да атап өтті.
Ол үшін, мысалы, МКК ресми сайтында (https://kgd.gov.kz/ru/calc/transports) есептегіш-калькуляторды толтырып, өз машинаңыздың салығын өз бетіңізше есептей аласыз.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың басынан бастап, Қазақстандықтар биылғы 1 сәуірге дейін көлік салығын төлеуге тиіс хабар тарады. Өйткені биылғы 2 сәуірден бастап, салық сомасына әрбір күн үшін өсімпұл қосылады. Пандемия кезінде салық басқармаларына халық көп жиналмауы үшін e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы іске қосылды. Соның көмегімен жеке тұлғалар өз атына тіркелген автокөліктер жайында мәлімет ала алады. Сондай-ақ ол арқылы артық төленген төлемдерді қайтаруға өтінім беру мүмкіндігі бар. Адамдар «көлік салығынан кімдер босатылады?» деп сұрайды. ҰОС ардагерлері және оған теңестірілген, І, ІІ, ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері көлік салығынан босатылады.