27 шіл, 2021 сағат 18:52

Сәкен Исабеков Президенттің Күзет қызметінің бастығы болды


Сәкен Исабеков мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды", - делінген қаулыда.

Сонымен қатар, Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Сәбитұлы Мұхтаров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.