20 қыр, 2019 сағат 16:16

Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов қола медаль иемденді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

52 келі салмақта жұдырықтасқан отандасымыз жартылай финалда үндістандық Амит Пангхалға 3:2 есебімен есе жіберді. Осылайша ол әлем чемпионатының қола медалін қанағат тұтты.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстан құрамасына 6 боксшы шаршы алаңға шығатынын жазған болатынбыз.