06 ақп, 2018 сағат 09:31

Қазақстанға аяз қайта келе жатыр

Демалыс күндері аяз бен қардың бәсеңдеуіне себеп болған циклон ығысып жатыр. Оның орнына суықтың кезекті толқынын әкелетін антициклон қайта оралды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК жетекші инженер-синоптигі Зайна Сағындықова айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпаратsputniknews.kz агенттігіне сілтеме жасап. 

"Температура аз ғана және қысқа мерзім ішінде төмендейді. Егер өткен аптада ауа температурасы нормадан 15-22 градусқа төмен болса, алдағы үш тәулікте ол нормадан 2-4 градусқа төмендейді. Батыс облыстарда температура бұрынғысынша нормадан 3-8 градусқа жоғары болады", — деді Сағындықова. 

Ал бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады, тек оңтүстікте, солтүстікте және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұрқасындатады. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл аумағында жел 18-23 м/с күшейеді. 

Жамбыл және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ  болады, жел 15-23 м/с күшейеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Атырау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, түнде жел күшейеді – 18 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасындатады. 

Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп болжанып отыр.