ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жоғары оқу орындарындағы оқу бағасының неліктен қымбаттап жатқанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сағадиев қазақстандық ЖОО-лардағы бағаларды қымбаттату жемқорлық пен оқу орнына түсу үшін кезекке тұрудан арылуға көмектеседі деп отыр.
"Жоғарғы оқу орындарында осындай жоғары бағалар болса да, студенттер оқуға келеді деп ойласа, онда олардың істеп отырғандары дұрыс. Мен осыған дейін де айтқанмын, бұл - нарық және қызмет түрі. Мен министрлік жекеменшік ЖОО-ларға оқудың бағасын қанша етіп қою керектігін айтып отыру тиіс деп ойламаймын. Әйтпесе, бізде қайтадан жемқорлық, кезекке тұру және тағы басқа дүниелер басталып кетеді", - дейді министр.
Оның айтуынша, бұл мәселеде бәсеке мен нарық шарттарына ғана сенуге болады.