Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жиеніне үйленуді жоспарлаған кәсіпкер Афтандил Сабырбековтің оқиға жалғасуда. 24.kg бүгін Автандил Сабырбековтың ағасы Тариэль де ұсталғанын жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл мәліметтерді қырғызстандық құқық қорғау органдары растады.
"Афтандил, оның ағасы және тағы бірнеше адам есірткіні ірі көлемде өндірді және сатты деген күдікпен ұсталды. Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі кәсіпкер «өзінің қылмыстық істері үшін меценаттар" – «крыша» іздеді» деп болжайды.
Естеріңізге сала кетейік, Садыр Жапаровтың жиені Лазат Нұрқожаева жуырда тұрмысқа шығу туралы ұсыныс алды. Алайда, күйеу жігіт Афтандил Сабырбеков есірткі өндірді деп айыпталып, түрмеге қамалды.