10 шіл, 2024 сағат 15:51

Садыр Жапаровтың болашақ "күйеубаласы" ұсталды


Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың немере қарындасына ұсыныс жасаған жігіттің ұсталғанын президенттің ресми өкілі Асқат Алагөзов хабарлады.

"Президент Садыр Жапаровтың інісінің қызының болашақ күйеуін құқық қорғау органдары ұстағанын растаймыз. Еске сала кетсек, ер адам Ләззат Нұрқожоеваға тікұшақта үйлену туралы ұсыныс жасағаннан кейін танымал болды. Бірақ жас жігіттің басты мақсаты – оның заңсыз әрекеттерін қорғау үшін биліктегі адамдарды (крыша) табу деп айтуға толық негіз бар. Президент Садыр Жапаров кім болмасын, оның заңсыз әрекетін жасырмайтынын атап өткім келеді. Бұрынғы жігіті мен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің мән-жайлары тергеу барысында анықталатын болады", – деп жазды Алагөзов.


Қырғызстан құзырлы органдарының хабарлауынша, Лазат Нұрқожаеваның күйеу жігіті Афтандил Сабырбеков 3 тамызға дейін уақытша тергеу изоляторына қамалған.

Оған Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 282-бабының 3-бөлігі – «Аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және сол тектестерді заңсыз дайындау» бойынша қылмыс жасады деген айып тағылған.