Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында әнші Sadraddin-нің Нұр-Сұлтандағы концертінің суретін көрсетіп, астаналықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Мassaget.kz порталы.
"Қызыл" аймаққа көшу және шектеу шараларын енгізу бизнес пен тұрғындардың профилактикалық шараларға деген ұстанымына тікелей байланысты. Бірақ слайдтан көріп отырғаныңыздай, "сары" аймақта орналасқан Нұр-Сұлтанда жабық орындарда көпшілік жиналған шаралар өтіп жатыр. Бұл ретте медициналық бетперде тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша ұсыныстар орындалмайды, бұл елордада инфекцияның одан әрі таралуына әкелуі мүмкін", - деді Ғиният.
Сурет 31 шілдеде елордалық "Хан шатыр" сауда орталығында қазақстандық әнші Sadraddin-нің (Садраддин Болат) тегін концерті кезінде түсірілген.