Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина жарыстан алған жүлде қорының бір бөлігін жануарларды қорғауға бағыттағысы келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдымен юниорларға қол ұшын созғым келеді. Сыйақының ауқымды бөлігі соларға жұмсалады. Тағы бір бөлігі жануарларды уақытша ұстау орнында (приют) болдым. Маған үлкен әсер қалдырды. Осы орайда сыйақының бір бөлігін жануарларды қорғауға бағыттағым келеді», - деді Елена Рыбакина елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, 7 шілдеде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінің финалына шығып, жеңіске жетті.