Руслан Манатаев ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша Руслан Ерғалиұлы Манатаев ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Руслан Ерғалиұлы Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Мұхаметжан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Назарбаев Университетін бітірген.
