#
#
Жұма 30/10/2020

Руслан Дәленов: Сарапшылар кеңесіне кадрлық резерв мүшелерін тартуды көздеп отырмыз

  • 19.09.2020
  • 0
  • 87

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық экономика министрі ең алдымен мемлекеттік органдардың негізгі қызметі туралы және Президенттің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бағытындағы басым міндеттерге тоқталды. 

«Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында экономикаға ерекше мән берілген. Соның ішінде ең маңыздысы экономиканы қазіргі жағдай талабына сай дамыту. Бұл орайда шағын және орта бизнестен бастап, өндіріс саясаты экономикасын дамытудың 10 негізгі бағыты бар. Оның барлығы жаңа экономикалық бағыт болып есептеледі», - деді Руслан Дәленов. 

Сондай-ақ, ведомство басшысы министрлік құрылымын жақсарту мақсатында сарапшылар кеңесі құрылғандығы жөнінде және халық үніне құлақ асатын мемлекет идеясын ілгерілету туралы сөз қозғады. 

«Біз министрлікте басқарушылық кеңесін құрдық. Оның құрамына бізден 3 өкіл және сарапшылар қоғамынан 3 өкіл кірді. Ондағы мақсат – директорлар, министрліктің жауапты өкілдері сарапшылар кеңесі алдында бізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы есеп беру және олардан кері байланыс алу. Осы орайда бізге сарапшылар кеңесіне президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерін де тарту идеясы келді», - деді еліміздің бас экономисі. 

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта корпоративтік басқаруды жетілдіру және квазимемлекеттік секторды реформалау бойынша тың ұсыныстар әзірленеді. 

«Стратегиялық инвестициялық келісім жасаудың жаңа тетіктері енгізіледі. Яғни инвестициялық жобаларды іске асыруда қаржылай және қаржысыз қолдау шараларының бірыңғай пакетін ұсыну деген сөз. Инвестициялық жобаны іске асырудың барлық кезеңінде заңнамалық талаптардың маңыздылығын ұмытпаған жөн», - дейді ол.

Оның мәлімдеуінше, ШОБ пен экономиканың басқа да зардап шеккен салаларын қолдау шаралары жалғасын табады. 

«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыты аясында ШОБ-қа берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидияланады. Бұл соңғы проценттік мөлшерлемені жылдық 6% -ке дейін жеткізеді. Мұндай субсидиялар төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап 12 айлық кезеңді қамтиды», - деді Р. Дәленов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар