30 там, 2020 сағат 13:30

"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты отбасы мәселелерін талқылады

"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтында "ерте некелер" әлеуметтік зерттеу нәтижелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Оған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы, халықаралық және ұлттық сарапшылар, ҮЕҰ өкілдері, қоғам қайраткерлері, педагогтар қатысты. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады, - дeп хабарлайды «Ұлт» порталы.

Ресми ақпаратқа сәйкес, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында отбасы институтын зерттеу орталығы 2020 жылдағы зерттеу қорытындыларын таныстырды. Зерттеу Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында, Алматы, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жүргізілді.

Осы мәселе бойынша ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, "шығармашылық интеллигенция әйелдері лигасы" қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы А. У. Хайруллина өз ойын айтты. Сонымен қатар жиынға София университетінің жаттықтырушы-медиаторы, саясаттану профессоры Т. А. Дронзина қатысып, тәжірибесінен мысалдар келтірді.

Қырғыз Республикасындағы ЮНИСЕФ гендерлік саясат жөніндегі маманы Н. Суюналиева, жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың атқарушы директоры, акушер-гинеколог Г. А. Гребенникова қатысып тәжірибесін бөлісті.

Олардың айтынша, ерте некеге тұру қыздардың өміріне, ана мен баланың физикалық және психологиялық денсаулығына теріс әсер етеді. Көп жағдайда отбасылық қолайсыздықтар мен ажырасуларға әкеледі. 

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар ерте некелердің дер кезінде алдын алу, консультативтік көмек, білім алу, зорлық-зомбылықтан қорғау тетіктерін және т. б. алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдаудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.

Сонымен қатар Алматыда дағдарысқа тап болған жас отбасыларға арналған 5 сенім кабинеті ашылды. Бұл да осы бағдарлама аясында жүзеге асып жатыр.

Жобаның негізгі мақсаты – отбасы  институтын нығайту және мегаполистегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында отбасылық саясатты дамыту мәселелері бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

«Отбасы – қоғамның негізгі әлеуметтік институты. Осылайша, отбасы проблемалары қазақстандық қоғам өмірінің барлық басқа салаларына теріс әсер етеді», - дейді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сенім кабинеттерінің ашылу салтанатына қала әкімдігі, сот өкілдері және қала жастары қатысты. 

Бұл сенім кабинеттері жас отбасылардағы береке мен бірлікті сақтау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, face to face форматында және онлайн-режимде жұмыс істейді.