«Елу жылда ел жаңа» дейді. Рухани жаңғыру дегеніміз еліміздің өткенін жаңғыртып, жаңасын жарқырату ғана емес, елдің рухани қажеттілігін толықтай қамтамсыз ету болып табылады. Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері халық болып ауыл әкімін өздері ешқашан сайлап алмаған еді. Осыған орай, Рухани жаңырудың бір көрінісі, енді халық ауыл әкімін өздері сайлап алмақ. Бұл рухани жаңғыру емей немене? Сонымен, бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, елімізде тұңғыш рет ауыл әкімдерін сайлау өтіп жатыр, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Расында тұңғыш рет ауыл, кент, ауылдық округ және аудандық маңыздағы қала әкімдерінің сайлауы өтуде. Сонымен, барлығы 730 елді мекеннің әкімі жергілікті тұрғындардың тікелей дауыс беруі арқылы анықталатын болады.
«Сайлау үрдісінің барлық ерекшеліктерін ескеретін байқаушының блокнотын әзірлеп, байқаушылардың бәріне тапсырдық. Сайлау күні заңбұзушылық анықталса, сол блокнотқа тіркеп отырады. Байқаушылардың бәріне сайлау учаскелеріне кіруге қажет құжаттар берілді. Дайындық 100 пайыз деп айтуға болады. Біздің басқа байқаушылардан ерекшелігіміз – қатаң бейтараптық танытамыз. Ешқандай партия өкілдеріне болсын, мемлекет билігіне болсын, қандай да бір сайлау учаскесінің комиссия мүшелеріне болсын, бәріне қатаң түрде бейтарап ұстанымда боламыз. Заңнамалық тұрғыда сайлау үдерісіне кедергі жасамай, байқау жүргіземіз», - дейді бірлестіктің төрағасы Төлеген Күнәділов.
Сонымен, республика бойынша 730 сайлау округінде 2582 кандидат ұсынылып, олардың 2297-і тіркеуден өткен. Алғашқы сайлауда өзін өзі ұсынушылар көп тіркеліп отыр. Бұған негізгі себеп - Сайлау туралы заңнамаға енгізілген толықтырулар мен түзетулердің енгізілуі.
«Сайлау туралы заңнамаға енгізілген толықтырулар мен түзетулердің арқасында 1419 адам өзін өзі ұсыну мүмкіндігін пайдаланып отыр. Ал Әділет министрлігінің тіркеуінде бар 6 саяси партия 878 үміткер ұсынған. Сайлау кезінде сайлаудың әділ өтуі үшін өзүміткерлерін ұсынған партиялардың атынан қатысатын байқаушылардан бөлек, «Партиялық емес бақылаушылар орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі де дауыс беру процесінің әділ өтуін қадағалайтын болады», - дейді бірлестіктің төрағасы Төлеген Күнәділов.
Сайлау кезінде бақылаушы болуға ниет еткен еріктілердің бірі – Төлеген Дүйсенбі. Ол сайлау учаскесіне таңғы сағат 06:30-да келген. Әзірге ешқандай заң бұзушылық орын алмаған көрінеді.
«Мен бақылаушы болып отыруға ерікті ретінде рұқсат алдым. Елімізде өтетін кез келген саяси додаға бейжай қарай алмаймын. Оның үстіне ауыл әкімдерін сайлау біздің елдің тәжірибесінде тұңғыш рет орын алып отыр. Мен осындай тарихи сәттің куәсі болғым келеді. Әр адам өз әкімін өзі сайлап қуанған жүзін көргім келеді. Бүгін осындай белсенділікпен таңғы сағат 06:30-да келдім. Қазір саған 15:20 болды. Әзірге ешқандай заң бұзушылық болып жатқан жоқ. Барлығын қойын дәптеріме түріп алып отырмын. Түскі асқа да бақылаушылар кезекпен барып келдік, мына жерді бақылаушысыз қалдырған емеспіз», - дейді Төлеген Дүйсенбі.
Сонымен, 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау туралы Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған болатын. Соның нәтижесінде бүгінгі сайлау 14 облыс бойынша 1847 сайлау учаскесінде өтеді. Сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде күннің қорытындысы шығарылуы тиіс. Жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеу жүзеге асырылады. Бұл ретте сайланған әкімнің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.
Естеріңізге сала кетейік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, елімізде тұңғыш рет ауыл әкімдерін сайлау өтіп жатыр. Расында тұңғыш рет ауыл, кент, ауылдық округ және аудандық маңыздағы қала әкімдерінің сайлауы өтуде. Сонымен, барлығы 730 елді мекеннің әкімі жергілікті тұрғындардың тікелей дауыс беруі арқылы анықталатын болады.
