Рим қаласында карабинерлердің аймақ бөлімшесінің мафияға қарсы кең ауқымды операциясы аясында 60-тан астам адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап.
Ұсталғандардың барлығы Калабриядан шыққан қылмыстық ұйымға қатысы бар деген күдікке ілінген.
Тергеушілердің айтуынша, күдіктілер астана аумағын, соның ішінде есірткі трафигін бақылауға алған. Агенттіктің нақтылауынша, операция әлі аяқталмаған. Оның егжей-тегжейлері мен қорытындысы кейінірек ұсынылады.
Итальяндық құқық қорғау органдары 10 жылдан астам уақыт бұрын дәстүрлі түрде оңтүстік деп саналған қылмыстық топ өз қызметін елдің солтүстік облыстары, Еуропа елдерінде бұрыннан жүргізіп келгенін анықтаған.
Ndrangheta - Оңтүстік Африкадан Еуропаға есірткі жеткізу арналарын қадағалап отырған ең күшті көлеңкелі топ.