09 қыр, 2024 сағат 11:02

Ресейлік КВН жетекшісі Александр Масляков қайтыс болды


КВН жетекшісі әрі бұрынғы жүргізушісі Александр Масляков 83 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды "Риа Новости".

Масляков КВН-нен басқа, “Алло, мы ищем таланты!" и "А ну-ка, девушки!” сынды телетуындыларды жасады. 
Ресейлік БАҚ-тың мәлімдеуінше, Масляковтың өліміне өкпенің қатерлі ісігі себеп болған. Соңғы алты айда тележүргізушінің жағдайы нашарлап, оның тыныс алуы және сөйлеуі қиын болды. Оның соңғы күндері Мәскеу ауруханасының паллиативті көмек бөлімінде өтті.

"Ол КВН қозғалысының барлық қатысушылары мен миллиондаған көрермен үшін аңыз адам ретінде мәңгі есте қалады. 1964 жылдан бастап ол Ресейде және шетелде әзіл мен сатира символына айналған КВН бағдарламасын жүргізді.
Александр Васильевич көптеген марапаттарға ие болды, "Отанға сіңірген еңбегі үшін" орденінің иегері, "АМиК" шығармашылық бірлестігінің негізін қалады. Оның отандық ойын-сауық телевидениесінің дамуына қосқан үлесі зор", – деп жазды КВН ұжымы.


Сондай-ақ 2022 жылы Масляков коронавирус жұқтырды. Ауруына байланысты КВН-ді жүргізген жоқ. Ол 8 қыркүйекте жан тапсырды.