Ресейлік "Дождь" телеарнасы жұмысы уақытша тоқтағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бізге дем алып, әрі қарай қалай жұмыс істейтінімізді түсініп алуымыз керек. Эфирге оралып, жұмысымызды қайтадан бастаймыз деп үміттенемін", - деді телеарнаның бас директоры Наталья Синдеева.
Ресейде "Дождь" телеарнасы 2021 жылдың тамызында шетелдік агент деп танылған.