Ресейлік биші әрі әнші Борис Моисеев 69 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы 5-tv.ru арнасына сілтеме жасап.
Әншінің дүниеден өткенін оның директоры Сергей Горох растаған.
"Екі сағат бұрын өзінің пәтерінде қайтыс болды", - деді әртістің арт-директоры.
Ол Моисеев бұған дейін үш рет инсульт алғанын айтып өтті.