06 сәу, 2021 сағат 06:39

Ресейдің Хабаровск өлкесінде ұлттық парктің 1 мың гектар аумағы жанып жатыр

Орман өрт сөндірушілері Ресейде Хабаровск өлкесіндегі Анюй ұлттық паркінің аумағындағы өртті сөндіруде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Амур аймағындағы мемлекеттік табиғи қорықтар мен ұлттық парктердің бірлескен дирекциясының мәліметіне қарағанда, ұлттық паркте өрт жексенбі күні басталған. 790 және 265 га аумақта өрт ошақтары пайда болды. 

«Алғашқы екі ошақ- батпақты жердегі өрт сөндірілді. Тағы бірі - шамамен 1 мың га алқапты қамтыған, мұнда шөп өрті тұтанды», - делінген хабарламада.

Аню ұлттық паркі Орталық Сихотэ-Алиняның Батыс беткейінде, Амурдың оң жақ үлкен саласы - Аню өзенінің бассейнінде орналасқан. Бұл аймақтағы балқарағай-жапырақты ормандар Гималай аюларын, қоңыр аюларды, қызыл аюды, қабан мен жолбарысты тамақпен қамтамасыз етеді. Жыртқыштар тіршілік ететін аумақ ұлттық саябақтың үштен екісінен асады. Ал саябақта шамамен 12-15 жолбарыс мекендейді.